26 Наурыз, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №135 

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2016 жылғы 11 наурыз,Астана, Үкімет Үйі «Интернат үйлерінде, оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған оқу орындарында, аумақтық әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік бейімдеу орталықтарында қызмет көрсетілетін адамдар үшін заттай тамақтану нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы №1354 қаулысының  күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Интернат үйлерінде, оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған оқу орындарында, аумақтық әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік бейімдеу орталықтарында қызмет көрсетілетін адамдар үшін заттай тамақтану нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы №1354 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., №50, 566-құжат) күші жойылды деп танылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.